Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізу.

ЖТЭЖ дегеніміз не?

Жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесі (бұдан әрі – ЖТЭЖ) - бұл Астана қаласының қалалық және қала маңындағы аймақтарында жол жүру ақысын төлеуге арналған көлік карталарын пайдалануға мүмкіндік беретін жүйе.

ЖТЭЖ не үшін қажет?

  1. қаланың қоғамдық көлігінің барлық түрлері үшін бірыңғай билет жүйесін іске асыру;

  2. қолма-қол ақша ұрлығын азайту;

  3. жүйені пайдаланатын барлық пайдаланушыларды сәйкестендіруді көрсету және дербестендірілген есепке алу мен жалпы жолаушылар ағынын жүзеге асыру;

  4. әлеуметтік маңызы бар маршруттарда жолаушыларды тасымалдау үшін қала бюджетінен тасымалдаушыларға субсидияларды нақты есептеуді және төлеуді жүзеге асыру;

  5. ұзақ пайдаланылатын жол жүру билеттерін сатып алған кезде жол жүру құны арзан болатын икемді тарифтік саясат;

  6. жол жүру ақысын төлеу тәсілдерін кеңейту.

Біз не ұсынамыз?

Осы бағытта көп жылдық тәжірибесі бар CTS командасы Сіздің аймағыңызда ЖТЭЖ енгізуге көмектеседі.

Толығырақ ақпарат алу үшін +7 (7172) 577 177 (ішкі. нөмірі 196) телефонына хабарласыңыз немесе b.aryngaziev@cts.gov.kz электрондық поштасына өтінім жіберіңіз.


KZ  RU