Тәжен Руслан Маратұлы

Төраға орынбасары - Басқарма мүшесі

«City Transportation Systems» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі жұмысты келесі бағыттар бойынша үйлестіреді:

1) Серіктестіктің бухгалтерлік есебін жүргізуді, қаржылық есебін жасау және ұсыну қамтамасыз ету;

2) Серіктестіктің қаржы-экономикалық жоспарлауы мен бюджеттеуін, қаржы-шаруашылық қызметінің есебі мен талдауын қамтамасыз ету;

3) Серіктестік қызметінің қаржыландырылуын қамтамасыз ету;

4) жобалар қоржынын басқаруды қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының азаматы. 1979 жылы туған.

1997 жылы Ақмола қаржы-экономикалық колледжін «салықтар және салық салу» мамандығы бойынша аяқтаған. 2003 жылы Орталық Азия университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Еңбек жолын 2001 жылы Астрахан аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс істеу жөніндегі жетекші маманы қызметінен бастады. 2002-2004 жылдар аралығында – Астрахан аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі жетекші маманы, өмір сүру деңгейі жөніндегі бас маманы, 2004 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында – Астрахан аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының (Ақмола облысы) бас маманы, 2004 жылғы шілде-қараша айлары аралығында – «Астана қаласының қаржы департаменті» ММ қазыналық кәсіпорындарында бюджет қаражатының пайдаланылуын қаржылық бақылау бөлімінің бас маманы, 2004 жылғы қарашадан желтоқсанға дейінгі аралықта – «Астана қаласының қаржы департаменті» ММ экономика секторларын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қаржыландыру бөлімінің бас маманы, 2005-2006 жылдар аралығында – «Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті» ММ нақты секторды дамыту бөлімінің бас маманы, 2006 жылғы қаңтар-сәуір аралығында – Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті» ММ өңірлерді дамыту бөлімінің бастығы, 2006-2008 жылдары – «Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті» ММ инвестициялық саясат бөлімінің бастығы, 2008 жылғы сәуір-маусым аралығында – «Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті» ММ директорының орынбасары, 2008 жылғы маусым-қыркүйек аралығында – «Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бастығының орынбасары, 2008-2010 жылдары – «Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бастығының орынбасары, 2010-2013 жылдары – Астана қаласы қаржы басқармасы бастығының орынбасары, 2013 жылғы мамыр-шілде аралығында – «Астана қаласының қаржы басқармасы» ММ басшысының орынбасары, 2013-2017 жылдар аралығында – «Астана қаласының қаржы басқармасы» ММ басшысы, 2017-2019 жылдар аралығындағы кезеңде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі қызметтерін атқарды.

2019 жылғы тамыздан бастап «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды.

2023 жылғы қаңтардан бастап «Қаржы орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Тәжен Руслан Маратұлы
KZ  RU