Агбаев Орынбасар Турешулы

Басқарушы директор - Басқарма мүшесі

«City Transportation Systems» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі келесі бағыттар бойынша жұмысты үйлестіреді:

1) Серіктестіктің цифрландырумен байланысты жаңа бағыттарын талдау және енгізу;

2) Астана қаласының қоғамдық көліктерінде жол ақысын электронды түрде төлеу қызметтерін көрсетуді бақылау;

3) электрондық төлемдерді ұйымдастыру, көлік карталарының пайдаланылуы мен тиімділігін талдау;

4) кассалық операциялар мәселелерін үйлестіру;

5) ақпараттық технологияларды/ақпараттық қауіпсіздікті дамыту;

6) байланыс желілерін/кабельдік кәріз желілерін дамыту және пайдалану.

 

Қазақстан Республикасының азаматы. 1992 жылы туған.

2016 жылы Торонто университетін (Канада) «өнеркәсіптік инженер» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 2016 жылы «АРБЗ» ЖШС-да инженер-конструктор болып бастады. 2017 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде «Алматыэлектротранс» ЖШС-да – жобалық инженер, 2020 жылғы наурыз – қараша аралығында – «Туристік қызметті реттеу орталығы» КММ директорының орынбасары, 2020-2021 жылдары – «Астана Invest» ЖШС бас инженері, 2021-2022 жылдары – «Turkistan Invest» ЖШС жобалық менеджері, 2022 жылғы сәуір – шілде аралығындағы кезеңде «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2022 жылғы шілдеде «City Transportation Systems» ЖШС Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды.

Агбаев Орынбасар Турешулы
KZ  RU