Бижанов Жанат Жамалиевич

Төраға орынбасары - Басқарма мүшесі

«City Transportation Systems» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі келесі бағыттар бойынша жұмысты үйлестіреді:

1) көлік ағындарын және қоғамдық көлікті үйлестіруді, басқаруды және жоспарлауды қамтамасыз ету;

2) көлік мамандарының біліктілігін қамтамасыз ету;

3) қоғамдық көлік және тұрақ кеңістігі саласында анықталған бұзушылықтардың мониторингін және оларды тіркеуді қамтамасыз ету;

4) бірыңғай тұрақ кеңістігін (көше тұрақтары, жабық паркингтер) пайдалануды және басқаруды қамтамасыз ету.

 

Қазақстан Республикасының азаматы. 1983 жылы туған.

2012 жылы Сібір мемлекеттік автомобиль-жол академиясын «көліктегі ұйымдастыру және басқару инженері» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2012 жылы Ресей Федерациясының көлік компанияларында бастады.

2013 жылдан бастап «Астана бас жоспары ҒЗЖИ» ЖШС-да жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі маман болып жұмыс істеді.

2015-2022 жылдары Серіктестіктің ТМС жол қозғалысын ұйымдастыру бөлімінің жол қозғалысын ұйымдастыру маманы, бөлім бастығы, Жол қозғалысын басқару департаментінің бас менеджері, Көлік үйлестіру департаменті директорының орынбасары және директоры қызметтерін атқарды.

2022 жылғы маусымда «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды.

 

Бижанов Жанат Жамалиевич
KZ  RU