Шыныбеков Абат Абаевич

Төраға орынбасары - Басқарма мүшесі

Төрағаның орынбасары – Басқарма мүшесі келесі бағыттар бойынша жұмысты үйлестіреді:

1) Серіктестік қызметін құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

2) Серіктестіктің әкімшілік-шаруашылық қызметін, кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеуді, Басқарма Төрағасының төрағалығымен өтетін кеңестерді хаттамалауды қамтамасыз ету;

3) Серіктестіктің мүдделерін қорғауды және өкілдік етуді қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының азаматы. 1973 жылы туған.

1995 жылы – Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы, 1998 жылы – «Еуразия» Батыс Қазақстан менеджмент және тілдер институтын «экономика және менеджмент» мамандығы, 2014 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша аяқтаған, техника ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 1995 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Егіндікөл кеңшарында инженер-механик болып бастаған.

1995-2000 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің аппаратында әлеуметтік сала және ішкі саясат бөлімінің маманы, аға маманы, жалпы бөлім меңгерушісі, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, 2000-2003 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді. 2001-2006 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2006-2007 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық біліктілікті растау және беру орталығы» РМҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры болды. 2007 жылғы мамырдан 2008 жылғы сәуірге дейін Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2008-2012 жылдар аралығында – «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облысы филиалы төрағасының орынбасары, 2012-2013 жылдар аралығында Орал қалалық мәслихатының хатшысы, 2013-2019 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Сырым, Казталов аудандарының әкімі қызметін атқарды. 2019-2022 жылдары Орал қаласының әкімі, 2022 жылдан 2023 жылғы шілде айына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

2023 жылдың қыркүйегінде «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма мүшесі – Төраға орынбасары лауазымына тағайындалды.

Шыныбеков Абат Абаевич
KZ  RU