Рашитов Рустам Базарович

Төраға орынбасары - Басқарма мүшесі

«City Transportation Systems» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі келесі бағыттар бойынша жұмысты үйлестіреді:

1) Серіктестіктің жарнамалық қызметін ұйымдастыру;

2) проблемалық активтерді басқаруды қамтамасыз ету.

 

Қазақстан Республикасының азаматы. 1972 жылы туған.

1994 жылы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын – «АӨК салаларындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1994 жылы «Игілік-банк» КАБ Ақмола филиалында маман ретінде бастаған. 1996-2017 жылдар аралығында – ҚР құқық қорғау органдарында, 2018-2020 жылдары – ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің «Есіл бассейндік (су) инспекциясы» РММ су қорын мемлекеттік бақылау және қорғау бөлімінің басшысы, 2020-2022 жылдары – заң қызметінің басшысы, «ЛОТТЕ Рахат» АҚ комплаенс-офицері қызметтерін атқарған.

2022 жылғы қазан айында «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма мүшесі – Төраға орынбасары лауазымына тағайындалды.

Рашитов Рустам Базарович
KZ  RU