Наурзалиев Булат Муханович

Комплаенс-офицер

«City Transportation Systems» ЖШС-нің комплаенс-офицері (бұдан әрі – Серіктестік)
Серіктестікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен іскерлік әдеп қағидаттарын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және төмендету жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының азаматы. 1959 жылы туған.

1991 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша бітірген.
2003 жылы Азаматтық авиация академиясын «Әуе көлігі кәсіпорнындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2010–2012 жылдары Санкт-Петербург азаматтық авиация академиясының аспирантурасында «Әуе көлігі кәсіпорнындағы экономика» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1978 жылы авиация саласында бастаған.
1978–2000 жылдары авиациялық кәсіпорындарда ұшқыш және басшылық лауазымдарда, оның ішінде әуе кемесінің командирі және ұшқыш-нұсқаушы ретінде қызмет атқарған.
2000–2009 жылдары авиациялық компаниялар мен әуежайларда басшылық қызметтер атқарған, соның ішінде «Эйр-Казахстан» АҚ, «Ақтау қаласының халықаралық әуежайы» АҚ, «Берқұт» мемлекеттік әуе компаниясында жұмыс істеген.
2002–2005 жылдары Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2013–2023 жылдары мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда басшылық лауазымдарда еңбек еткен.

2024 жылғы наурыз айында «City Transportation Systems» ЖШС-нің комплаенс-офицері лауазымына тағайындалды.

Байланыс ақпараты:
Тел.: 8 (7172) 57-71-77 (ішкі 27)
E-mail: b.naurzaliev@cts.gov.kz

Наурзалиев Булат Муханович
KZ  RU