30.09.2025

Қоғамдық көлікті қауіпсіз пайдалану ережелерін еске саламыз

Оқу жылы басынан бастап CTS  Көлікті бақылау департаментінің қызметкерлері қаладағы аялдамалар мен мектеп маңына барып, оқушылар және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Мақсат – маңызды ережелерді еске салу:
- қоғамдық көлікті дұрыс пайдалану жолдары;
- жол қозғалысы ережелерін сақтау маңыздылығы;
- атаулы көлік картасын рәсімдеу және қолдану тәртібі;
- және, әрине, пайдалы ақпарат жазылған жадынамаларды тарату.
Мұндай жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Біз жас жолаушылардың қауіпсіздігіне мән беріп, көліктегі жауапкершілік мәдениетін қалыптастырамыз.

Тізімге оралу

KZ  RU