23 шілдеден бастап CTS Орталық кассасында жеңілдігі бар және мектеп көлік картасын рәсімдеу үшін жүгінген кезде жеңілдікті растайтын құжат немесе оқу орнынан анықтама қағазын ұсынудың қажеті жоқ.
Бұдан бөлек суретке түсу де осы жерден асырылады.
Бұл қызмет 2025 жылдың 1 шілдесінен тиісті мәртебе алған жеңілдікті санаттағы азаматтарға қолжетімді.
Назарыңызды аударамыз: тиісті мәртебеге 1 шілдеге дейін ие болған азаматтарға, сонымен бірге 18 жасқа дейінгі оқушыларға картаны рәсімдеу мен қайта шығару растайтын құжаттармен жүзеге асырылады. Жаңартылған дерекқорға толық қол жеткізгеннен кейін картаны қайта шығару қызметі қағаз құжаттарды ұсынбай жүзеге асырылатын болады.
Кассада кезекте ұзақ тұрмау үшін ата-аналар мен оқушылардан мектеп көлік картасын алдын ала рәсімдеуді сұраймыз.
2025-2026 жаңа оқу жылы 1 сыныпқа баратын оқушылар мектеп көлік картасын толық мәліметтер енгізілгеннен кейін рәсімдей алады.
Жеңілдік карталарын алуды мүмкіндігінше ыңғайлы және тиімді етуге тырысамыз!