31.01.2024

№ 15 А бағдар қозғалыс сызбасы ұзартылады №№ 15, 15А бағдарларында автобус саны артады

Құрметті жолаушылар!

Көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында, 1 ақпаннан № 15А бағдардың қозғалыс сызбасы ұзартылады. Енді ол «Қалалық фтизиопульмонология орталығы»  және «Қалалық инфекциялық орталық» аялдамасына дейін жүреді.

Бұдан басқа, №№ 15, 15А бағдарлардағы автобус саны 2 бірлікке (19 бірл. 21 бірл.) артады.

Бағдардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады.

Қоғамдық көліктің қызмет көрсету сапасын жақсарту жұмыстары бұдан әрі де жалғасады. Осы жылы тағы да жаңа автобустар сатып алынады, 5 жаңа бағыт іске қосылады.


Тізімге оралу

KZ  RU