№ 20 бағдар жолаушыларының назарына!
Осы сенбіден, 14 қыркүйектен, №20 бағдардың қозғалыс сызбасы өзгереді. Енді бағдар М. Жұмабаев көшесімен тура А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін жүреді, «Фламинго» ТК, «Сатурн» ТК аялдамалары арқылы өтеді. Бұл ретте бағдардың соңғы аялдамасы өзгермейді, «№ 74 мектеп-гимназиясы» аялдамасы болып қалады.