№29 және № 29А бағдарлар жолаушылары үшін жағымды жаңалық!
Ертең, 21 қарашада № 29 және № 29А бағдарларындағы автобус саны 4 бірлікке артады. Енді бағдарларға жалпы саны 16 автобус қызмет көрсетеді.
Құрметті жолаушылар, жолақысын төлеп жүруіңізді сұраймыз. Осылай сіздер автобустарды жаңартуға, бағыттардағы автобус санын көбейтуге және жаңа бағыттарды қосуға, яғни қоғамдық көліктің дамуына өз үлестеріңізді қосасыздар.