Ертең, 15 маусымнан №№ 303, 320, 323 бағдарларының Қосшы қ. қозғалыс сызбасында бірқатар өзгерістер:
- № 323 бағдары енді Республика көшесімен тура жүреді.
- № 320 бағдары Хантау көшесімен жүретін болып өзгереді.
Сондай-ақ, №№ 303, 320, 323 бағдарларының соңғы аялдамасы Ұлы дала көшесімен «White Hall» мейрамханасына дейін ұзартылады.
Бұл қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту, автобустардың қауіпсіз жүруін, айналуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған шаралар.