№ 327 бағдар жолаушылары назарына!
25 қарашадан № 327 қала маңы бағдарының Арнасай және Бабатай ауылдарындағы қозғалыс сызбасы өзгереді. Енді бағдар ауылдардың орталығына кіріп жүреді, осылайша, тұрғындарға көліктік қызмет көрсетуді жақсартады.
Айта кету керек, өзгеріс бағдардың негізгі сипаттамаларына әсер етпейді (айналым уақыты, қозғалыс аралығы).