20.01.2023

№№34, 64 бағдарлары бойынша ақпарат

№34 қалалық бағдардың жұмысындағы жүйелі мәселелерді шешу мақсатында, 22 қаңтардан бастап, №64 бағдардың қозғалысы өзгереді.

Енді бағдар № 34 бағдардың қозғалыс сызбасына сәйкес С.Сейфуллин к-сі – Ш. Қосшығұлұлы к-сі - Ақан сері к-сі - Н.Тілендиев даңғылы - ЖМ Көктал-1 - ЖМ Көктал-2 жүретін болады.

Осылайша, № 64 бағдардың сызбасынан «Агрогородок» ТА аялдамасы алынып тасталады.

Бағдардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады.

Сондай-ақ, 22 қаңтардан бастап, №34 бағдардың жұмысы тоқтатылатындығын хабарлаймыз.


Тізімге оралу

KZ  RU