10.11.2023

№ 36 бағдар: Қозғалыс сызбасы ұзартылады, автобус саны артады

№ 36 бағдар жолаушыларының назарына!

Тұрғындарды көліктік қызметпен қамтуды жақсарту мақсатында 11 қарашадан (сенбі) бастап № 36 бағдардың қозғалыс сызбасы ұзартылады, енді ол теміржол вокзалына дейін жүреді. Сондай-ақ, бағдардың Қараөткел ауылындағы қозғалыс сызбасына ішінара өзгеріс енгізіледі.

Бұдан басқа, бағдардағы автобус саны жұмыс күндері 3 бірлікке (13 бірл. 16 бірл.), демалыс күндері 2 бірлікке (11 бірл. 13 бірл.) артады.


Тізімге оралу

KZ  RU