26.10.2023

№№ 4, 4А, 21 бағдарларының қозғалыс сызбасына аялдаманың қосылуы және алынуы

Құрметті жолаушылар!

Тәуелсіздік даңғылы мен Нәжімеденов көшесінің қиылысын реконструкциялауға және осы учаскедегі жол қозғалысын ұйымдастырудың өзгеруіне байланысты, №№ 4, 4А, 21 бағдарларының қозғалыс сызбаларынан Қошқарбаев даңғылы бағытындағы "Гранд Астана" ТК аялдамасы жойылады.

Сондай-ақ, №№ 4, 4А, 21 бағдарларының қозғалыс сызбаларына осы қиылыстан кейін Тәуелсіздік даңғылының бойында жабдықталған "Тәуелсіздік сарайы" жаңа аялдамасы қосылады.


Тізімге оралу

KZ  RU