Бүгін, 19 тамыз күні № 45 бағдардың іске қосылғанына 1 жыл толды. Бұл бағдардың Үркер тұрғын алабын, Мұхамедханов көшесінің тұрғындарын «Орда базар», Республика даңғылымен, Орталық базармен байланыстырып, көліктік қызмет көрсетуді жақсартуда көп септігін тигізді.
Аталмыш бағдар іске қосылғалы бері жолаушылармен 1 850 000 жуық сапар жасалды.
Бағдар бұдан әрі де сіздерге ыңғайлы және жайлы қызмет көрсетеді деген сенімдеміз.