14.07.2023

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 50, 53, 61 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді

Астана қаласының Көлік және жол - көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес

Ағымдағы жылдың 15-19 шілде аралығында Керей Жәнібек хандар көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі жол бөлігінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Осыған байланысты автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады, сондай-ақ, №№ 50, 53, 61 маршруттарының қозғалыс схемалары уақытша өзгереді.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.


Тізімге оралу

KZ  RU