29.06.2024

№ 58 жаңа бағдар

Осы жексенбі, 30 маусымда «Агроқалашық» ТА – Хусейн бен Талал көшесі қатынасымен жаңа № 58 бағдар іске қосылады.

Бағдарға 15 автобус қызмет көрсетеді, қатынау аралығы 9-20 минут болады.

Бағдар ҚР Ұлттық мұражайы, Әл-Фараби ат. оқушылар сарайы, «Әзірет Сұлтан» мешіті, Отан қорғаушылар монументі, Самал ш/а және әл-Фараби даңғылын («Nova City», «Comfort Town», «Capital park. Flowers», «Zhana Omyr») қамтиды.

Бағдардың іске қосылуы:
- «Агроқалашық» тұрғын алабына көліктік қызмет көрсетуге;
- Тәуелсіздік даңғылының жаңа көпірі арқылы қозғалысты жақсартуға;
- Тәуелсіздік, Республика және әл-Фараби даңғылдарын көліктік байланыспен қамтамасыз етуге;
- №№2, 3, 4, 4А, 15, 15А, 31 бағдарларының жүктемесін азайтуға ықпал етеді.

Оған қоса Күмісбеков көшесінің Кенесары көшесінен Тілендиев даңғылына дейінгі аралықта қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Бұған дейін Күмісбеков көшесінің Сейфуллин көшесінен Тілендиев даңғылына дейінгі аралықта қоғамдық көлік жүрмеген еді.


Тізімге оралу

KZ  RU