Құрметті Астана қ. қоғамдық көлігінің жолаушылары!
Кезекті жағымды жаңалықпен бөлісуге асықпыз.
Алдағы күндері тағы бір жаңа № 62 бағытты іске қосамыз.
Бағдар «Үркер» және «Отау» шағын аудандарын байланыстырады. «Сарыарка» ОСО, «Әзірет Сұлтан» мешіті, № 2 қалалық балалар ауруханасы сияқты негізгі орындар арқылы өтеді.
Бағытқа қатынау жиілігі 11-20 минут болатын 15 автобус қызмет көрсетеді.
Бағдарды іске қосу күнін және қозғалыс сызбасын қосымша хабарлаймыз.
Бұл осы жылы іске қосылатын сегізінші жаңа бағдар. Бұған дейін №42, №55, №58, №63, №201, №202, №203 бағдарлары қосылған болатын. Олардың жүру сызбалары CTS Instagram парақшасының Tаplink-те орналасқан.
CTS жаңалықтарынан қапы қалмаңыздар!