20.02.2026

Жаңа бағдарлар: №№ 67, 74, 76

Құрметті жолаушылар!

21 ақпаннан бастап үш жаңа бағдар іске қосылады.

Бағдарлардың жүру бағыттары:
№ 67 - «Ырыскелді Қажы» мешіті – «Пригородный» тұрғын алабы («Орман парк»ТК);
№ 74 - «Altyn Besik» ТҮК – «Достар-1» тұрғын үй кешені;
№ 76 - «Алай» – «Железнодорожный» тұрғын алабы.

Жаңа бағдарлар қаланың маңызды бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, № 67 бағдар Бұқар Жырау к. қоғамдық көлік қызметін жақсартып, Қ. Қайсенов к. жаңа учаскесімен жүре бастайды, № 74 бағдар Ш. Айтматов к. мен Ұлы дала даңғ. жаңа бөлігін қамтиды, сондай-ақ Айтеке би к. көліктік қызметпен қамтамасыз етеді, № 76 бағдар А. Пушкин к. қоғамдық көлік қызметін жақсартып, «Железнодорожный» ТА сауда орындарымен байланыстырады.

Ескертпе!
Сығанақ және Айтеке би көшелерінің қиылысында бағдаршам орнатылып, реттелетін қиылыс ұйымдастырылғанға дейін № 74 бағдар Қ. Мұхамедханов к. бағытында уақытша Анет баба к. арқылы жүреді, ал кері бағытта бекітілген сызбаға сәйкес Айтеке би к. арқылы қатынайды.

Қозғалыс сызбаларын суреттерден және «Avtobys» қосымшасынан көре аласыздар.


Тізімге оралу

KZ  RU