06.01.2023

№ 70 бағдар қозғалысы «№ 4 өрт сөндіру бөлімі» аялдамасына дейін ұзартылады

Қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында, 7 қаңтардан (сенбі) бастап № 70 бағдардың қозғалыс сызбасы өзгереді. Енді бағдар «№ 4 өрт сөндіру бөлімі» аялдамасына дейін қатынайтын болады.

Бағдардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады.

Өзгертулер сіздерге ыңғайлы болады деп үміттенеміз!


Тізімге оралу

KZ  RU