05.12.2025

№ 75 жаңа бағдар іске қосылады

Ертең, 6 желтоқсаннан бастап, №75 бағдар «Нұрлы жол» теміржол вокзалы – Күйгенжар ТА аралығында жүре бастайды.

Бағыт Күйгенжар мен Мичурин тұрғын алабы тұрғындарын теміржол вокзалымен байланыстырады, сондай-ақ, № 112 мектеп, С. Шаймерденов көшелеріне көліктік қызмет көрсетуді жақсартады.

Қозғалыс сызбасын екінші суреттен және Avtobys қосымшасынан көре аласыздар.


Тізімге оралу

KZ  RU