Құрметті жолаушылар!
Кезекті жағымды жаңалықпен бөлісуге асықпыз!
23 қарашадан бастап жаңа автобустарды жеткізу аясында «Дәстүр» тұрғын үй кешені» – «Қ. Рысқұлбеков көшесі» қатынасымен жаңа № 84 бағыт іске қосылады.
Бағыт 10 автобуспен қызмет көрсетіледі.
Бағыт Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы жүреді. Осылайша елорданың оң жағалауы мен сол жағалауы арасындағы көлік қатынасы жақсартылады.
Сондай-ақ, «Дәстүр» ТК мен Қ. Рысқұлбеков көшелерінің арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және Ұлы дала даңғылы, Ж. Нәжімеденов көшесі, А. Байтұрсынов көшесі, Р. Қошқарбаев даңғылы, Қ. Рысқұлбеков көшесі бойында орналасқан тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді арттырады.
Айта кету керек, № 84 бағдар қолданыстағы №№ 14, 32, 49, 50, 56 бағдарларының жүктемесін азайтады.