Құрметті жолаушылар!
Жаңа жүйеге ауысуға байланысты, 1 қаңтардан бастап қашықтықтан толтырылған төлемдерді белсендіру уақытша қолжетімсіз болды.
Қазіргі уақытта жағдай тұрақтануда, бүгін, 3 қаңтарда кешке қарай барлық айлық жол жүруді белсендіру, 4 қаңтарда барлық қашықтан толтырылған төлемдерді белсендіру мүмкін болады.
Көлік картасындағы теңгерімді автобус салонындағы планшетте валидация жасау кезінде көруге болады. Көлік картасындағы өзекті теңгерім Transcard жеке кабинетінде уақытша көрсетілмейді.
Сондай-ақ, көліктік бақылау департаменті мен бақылау-желілік қызметінің қызметкерлері қалыптасқан жағдай туралы хабардар екенін және карталарды белсендіруде қиындықтарға тап болған жолаушыларға жолақысын төлеуге немесе айыппұл салуға талаптар қоймайтынын хабарлаймыз.
Қашықтан толтырылған төлемдерді белсендіру үшін барлық қажетті шаралар жүргізіліп жатыр.
Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсінгеніңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.