20.12.2022

Айлық жол жүруді сатып алу ережелері

Достар, бүгін айлық жол жүруді сатып алу ережелері туралы айтайық.

Айлық жол жүруді әр айдың 16-нан келесі айдың 15-іне дейін сатып алуға болады. Және ол 1 айға, яғни әр айдың 1-нен 30-ы, 31-не дейін жарамды болады.

Мысалы, қаңтар айына арналған жол жүруді 16 желтоқсаннан бастап сатып алуға болады және ол 1 қаңтардан 31 қаңтарға дейін жарамды болады.

Естеріңізге сала кетейік, айлық жол жүру құны:
- қалалық бағдарлар үшін – 7500 теңге;
- қалалық + қала маңы үшін - 9500 теңге.

- Айлық жол жүру тарифімен сіз шектеусіз сапар жасай аласыз.
- Айлық жол жүру бір айға жарамды, 1-нен 30-ы, 31-не дейін.

Білу маңызды: Егер айлық жол жүру ағымдағы айдың 1-нен 15-ші күндері аралығында сатып алынса, онда ол ағымдағы айдың соңына дейін әрекет етеді. Ал, 16-сынан кейін алынса, келесі айдың бірінші күнінен бастап әрекет етеді.

Тізімге оралу

KZ  RU