26.12.2022

Көлік карталарын шығару кұны өзгереді

2023 жылғы 03 қаңтардан бастап «TRANSCARD» көлік карталарының құны өзгеретінін хабарлаймыз.
Дербестендірілген (жеңілдікті және мектеп) көлік карталарын бастапқы шығару құны – ҚҚС-пен бірге 1000 теңгені (бұрынғы бағасы 800 теңге), қайта шығару құны ҚҚС-пен бірге 2000 теңгені (бұрынғы бағасы 1500 теңге) құрайды.
Дербестендірілмеген көлік карталарының құны – ҚҚС-пен бірге 1000 теңге.
Құнның өсу себебі көлік карталарының сатып алу құнының едәуір өсуіне байланысты. Сонымен қатар, биылғы жылы қолданыстағы жабдықтың тозуына байланысты көлік карталарын басып шығару жөніндегі мамандандырылған касса жабдығын жаңғырту жүргізілді.
Айта кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап елорданың барлық кәмелетке толмаған тұрғындары үшін қоғамдық көлікте жүру тегін. Сонымен бірге, сапар кезінде көлік картасын растау қажет - бұл жолаушылар ағынын көруге және басым бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.

Тізімге оралу

KZ  RU