31.08.2023

Назар аударыңыз! MAN іске асыру!

«City Transportation Systems» ЖШС «Ақпараттық-есепке алу орталығы» акционерлік қоғамының мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (www.gosreestr.kz) MAN «Lion Classik» маркалы үлкен класты көлік құралдарының (қала) 12 бірлігін (бұдан әрі – «Мүлік») сату бойынша электрондық конкурс (бұдан әрі – «Сауда-саттық») өткізілетіні туралы хабарлайды.
Мүлікті өткізу «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 шешімімен бекітілген Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мүлікті өткізу мәселелері бойынша келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: +7 (7172) 577-177 (ішкі н. 56 немесе 204); және электрондық мекенжайлар: m.kulmukan@cts.gov.kz немесе A.Atantaev@cts.gov.kz.
Мүліктің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Алматы ауданы, А355 көшесі, 6.
Сауда-саттық күні мен уақыты
2023 жылғы 15 қыркүйек, Астана қ. уақыты бойынша сағат 10:00,
2023 жылғы 19 қыркүйек, Астана қ. уақыты бойынша сағат 10:00.
Мүліктің бастапқы бағасы
Бағалау бағасына сәйкес 1 487 000 (бір миллион төрт жүз сексен жеті мың) теңгеден және 1 707 000 (бір миллион жеті жүз жеті мың) теңгеден басталады.
Кепілдемелік жарна мөлшері
223 050 (екі жүз жиырма үш мың елу) теңгеден және 256 050 (екі жүз елу алты мың елу) теңгеден басталады.

Тізімге оралу

KZ  RU