05.02.2024

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Енді көлік картасының теңгерімін онлайн лезде толтыруға болады.

Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін көлік картасының теңгерімін қашықтан толтырғанда төлем 24 сағат аралығында өңделетін еді. Бұл қала тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен ыңғайсыздық тудыратын. Avtobys.kz жаңа төлем жүйесіне көшу аясында төлем бірден түсетін болды.

Теңгерімді толтырғаннан кейін немесе таңдалған тарифті сатып алған соң төлемді белсендіру қажет. Төлемді кез-келген қоғамдық көлік бағдарында белсендіруге болады. Ол үшін көлік картасын автобустағы планшетке 2-3 секунд тигізіп ұстап тұру керек.

Айта кетейік, төлемді белсендіру кезінде жол ақысын төлеу қатар жүргізіледі. Төлемдерді белсендіру кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз!

Тізімге оралу

KZ  RU