08.09.2023

Құрметті футбол жанкүйерлері!

Осы жексенбі, 10 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында футболдан EURO-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамасы арасында матч өтеді.

Басталуы – сағат 19:00.

Осы күні «Астана Арена» стадионына жүретін қоғамдық көліктің жұмысы күшейтіледі.

Сондай-ақ, жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін және жолдарда көлік кептелісін азайту мақсатында, Астананың 5 тұрақ торабынан сағат 17:30-да арнайы шаттл-автобустары жүреді:
- «Астаналық цирк» автотұрағы;
- «Қазақстан» СК автотұрағы;
- «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;
- «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
- «Жастар» сарайы тұрағы.

Ойын аяқталғаннан кейін футбол жанкүйерлері сондай-ақ, қосымша №№10, 12, 21, 26, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және № 303 қала маңы бағдарларымен кете алады. Автобустар Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамаларда күтеді.

Футбол матчын өткізу кезінде барлық автокөлік жүргізушілерін қоғамдық көлікті пайдалануға шақырамыз.

Жол жүру құны 90 теңге. Жолақысын көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы төлеуге болады. Жеңілдігі бар көлік карталары жарамды.

Тізімге оралу

KZ  RU