06.09.2023

Құрметті футбол жанкүйерлері!

Ертең, 7 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында футболдан EURO-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Финляндия құрамасы арасында матч өтеді.

Басталуы – сағ. 20:00.

«Астана Арена» стадионына жылдам бару үшін қоғамдық көліктің жұмысы күшейтіледі.

Матч аяқталған соң футбол көрермендерінің ыңғайлылығы үшін қосымша №№10, 12, 21, 26, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және № 303 қала маңы бағдарлары ұйымдастырылады.

Автобустар жанкүйерлерді матчтан кейін Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамада күтеді.

Жол жүру құны 90 теңге. Жолақысын көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы төлеуге болады. Жеңілдігі бар көлік карталары жарамды.

Тізімге оралу

KZ  RU