cabinet.transcard.kz сайтында тіркеліп, тұрақ орнын жалдау шартын жасаған болсаңыз, жеке кабинетіңізде "Менің жалдауларым" - "Менің шарттарым" бөлімі арқылы жалдау мерзімін ұзарта аласыз.
⠀
"Жалдау мерзімін ұзарту" мүмкіндігі жалдау мерзімінің аяқталуына 5 күн қалғанда пайда болады.
⠀
Сондай-ақ жеке кабинетіңізде жалдау мерзімін бақылай аласыз.
⠀
Егер Сіз жалдау шартын қағаз нұсқасында және ұзақ мерзімге жасасаңыз, төлемді келесі мекенжай бойынша жасауға болады: Нәжімеденов к., 10/2, "Гранд Астана" тұрғын-үй кешені (өзіңізбен бірге шартты ала келіңіз).
⠀
Маңызды! Шарттары қағаз нұсқасында және ұзақ мерзімге жасалған жалға алушылардың орындары жоғалмайды. Тұрақ орнын сақтап қалу үшін, cabinet.transcard.kz сайтында алдын ала тіркеліп, жалдау мерзімінің аяқталуына бірнеше күн қалғанда келесі нөмір бойынша хабарласып, өтінім қалдыру керек: 8 (7172) 577-177, ішкі нөмірлері: 203, 140, 176, 164, 163.