07.03.2025

Құрметті жалға алушылар!

2025 жылғы 11 наурыздан бастап келесі мекенжайда орналасқан паркингтерде тұрақ орындарын жалға беру басталады:
- Ақмешіт көшесі, №№19, 19/1, 19/2, 19/3, 19/4, 19/5, 19/6, 19/7, 19/8, 19/9, 19/10, 19/11, 19А, 19Б, 19С, 19Т – үйлер («Royal Expo Apartament» ТК);
- Е-767 көшесі, 11-үй («Талисман» ТК);
- Е-321 көшесі, 22- үй («Куршавель» ТК);
- Сығанақ көшесі, 32- үй («Тұран-Сығанақ» ТК).

Бір күнтізбелік айға бір тұрақ орнын жалдау ақысының құны:
* Қысқы кезеңде (1 қазаннан 31 наурызға дейін) – 21000 (жиырма бір мың) теңге.
* Жазғы кезеңде (1 сәуірден 30 қыркүйекке дейін) – 15 000 (он бес мың) теңге.

Жалға алу сомасынан 50% жеңілдікпен растайтын құжаттар (рұқсаттар) болған кезде азаматтардың жеңілдікті санаттарына тіркелген көлік құралдары орналастырылады.

Тұрақ орнын жалға алу шартын жасау, жеңілдікті тарифті рәсімдеу және жеңілдік беру шарттарымен танысу «City Transportation Systems» ЖШС parking.transcard.kz ресми сайтында жүзеге асырылады.

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірі бойынша алуға болады: 8(7172) 577-177 (ішкі. 140, 669, 194, 164).

Тізімге оралу

KZ  RU