03.01.2024

Құрметті жолаушылар!

Елорданың қоғамдық көлігінде электронды жол ақысын төлеу және диспетчерлеудің жаңа жүйесін енгізу аясында, автобустардың қозғалысы мен нақты орналасқан жері туралы ақпаратты Аvtobуs мобильді қосымшасында көруге болады.

Мобильды қосымша App Store, Google Play, AppGallery жүктеп алуға қолжетімді.

Айта кету керек, қазіргі уақытта жаңа жүйеге көшуге байланысты интеграциялық жұмыстар жүргізілуде. Сондықтан, аялдамалардағы ақпараттық таблоларда автобустардың келу уақыты уақытша қолжетімсіз. Бұл мәселе 2024 жылдың қаңтар айының соңына дейін шешіледі.

Тізімге оралу

KZ  RU