15.12.2023

Құрметті жолаушылар!

Өздеріңіз білетіндей, avtobys жол ақысын төлеудің жаңа электрондық жүйесіне (ЭСОП) көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сол себепті төлем жасау және белсендіру бойынша қиындықтар туындауы мүмкін.

Онлайн-жүйеге өтіп жатқанымызды естеріңізге саламыз. Ол қазіргі бар төлем түрлеріне тағы қосымша болады дегенді білдіреді:

- Банк картасымен тікелей төлеу;
- Автобустағы планшеттегі QR кодты сканерлеу;
- NFC-Apple Pay, Samsung Pay және Google Pay арқылы;
- «Avtobys.kz» мобильді қосымшасы арқылы Bluetooth-пен төлем жасауға болады.

Қазіргі уақытта төлем жасаудың жаңа жабдығы 764 автобусқа орнатылды.

QR код көрсетілген жапсырмалар ауыстырылып жатыр.

Оған қоса төлемді белсендіру уақытша ескі үлгідегі валидаторларда және RTVM-автоматтарында мүмкін. Олардың мекенжайлары transcard.kz сайтына жүктелген.

Тізімге оралу

KZ  RU