06.12.2023

Құрметті жолаушылар!

Естеріңізге сала кетейік, автобустың жүруі кезінде жүргізушіні алаңдатуға қатаң тыйым салынады.

Қоғамдық көлік жүргізушісі өз жолаушыларының қауіпсіздігі үшін жауап береді. Сол себепті жүргізуші немесе көліктік бақылау қызметкері мүмкіндігіңізше автобустың кіре берісінде тұрмауды, әйнек немесе есікке сүйенбеуді сұраса, талапты орындауды сұраймыз. Өйткені жүргізушінің айналасын бақылап-көруге кедергі келтіруіңіз мүмкін. Ал бұл жол-көлік оқиғасының қаупін арттырады.

Жолдарда мұқият болуыңызды және өз қауіпсіздігіңізді ұмытпауды сұраймыз!
Қоғамдық көлік қозғалысын CTS, Avtobys, 2GIS және Yandex карталарының қосымшаларынан бақылауға болады.

Тізімге оралу

KZ  RU