30.10.2020

1 қараша күні қалалық велосипедтерді жалға беру маусымы ресми түрде аяқталады

1 қараша күні қалалық велосипедтерді жалға беру маусымы ресми түрде аяқталады

Осы маусымда велосипедтермен жүріп өткен жолыңыз 1,6 миллион км-ден астам болды. Бұл жердің экваторын 40 рет айналып өткендей!

Биылғы маусым біз үшін ерекше. Осы жылдан бастап City Transportation Systems елордалық велошерингтің басқарушы компаниясы бола бастады. Біз қызмет көрсету сапасын арттырып, сапарларыңыз жайлы әрі жағымды болу үшін көп тырыстық.

Маусым басталғалы бері:
- Velobike.kz ресми сайты толығымен өзгертілді;
- тәулік бойы сайтта онлайн-тіркелу, теңгерімді онлайн-режимде толықтыру және төлем функциялары енгізілді;
- Kaspi.kz және QIWI арқылы толықтыру қызметі іске қосылды;
- iKomek операторлары жұмылдырылды;

Осы уақыт ішінде елордалық велошеринг пайдаланушыларының саны 3 есеге өсті, жүйеде 14 мыңнан астам жаңа пайдаланушылар тіркелді.

Бізбен болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз, көріскенше!

Тізімге оралу

KZ  RU