Құрметті жолаушылар!
1 қарашадан бастап экспресс-бағдарларда айлық жол жүру әрекет етеді.
Айлық жол жүруді 16 қазаннан бастап CTS кассалары және kaspi мобильді қосымшаларында сатып алуға болады.
Экспресс-бағдарларға келесі айлық жол жүру тарифтері жарамды:
«Қала+Экспресс» - 10 000 тг.
«Қала+Экспресс+Қала маңы» - 13 500 тг.
Естеріңізге саламыз, 6 қазанда Астана қ. жаңа № 501 және № 502 экспресс-бағдарлары іске қосылды.
Келесі бағыттармен жүреді:
№ 501 экспресс – Абайдың 150-жылдығы к-сі – Халықаралық әуежай;
№ 502 экспресс –Теміржол вокзалы – «Бағыстан» ТК.
Әр бағытта 8 автобус, жалпы саны 16 автобус қызмет көрсетеді. Қатынау жиілігі 14-20 минут.
Жүру сызбаларымен CTS Instagram @cts_kz парақшасының Tаplink-те танысуға болады. Автобустардың қозғалысы «Avtobys», 2ГИС және Яндекс Карты қосымшалары арқылы бақыланады.
Жол жүру құны – 250 тг.
Мектеп және жеңілдікті көлік карталары жарамды.
Сапарларыңызды экспресс-бағдарлармен жоспарлаңыз және ыңғайлы жүріңіз!