1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қ. қала маңы бағыттары линияға шығарылады.
Қоғамдық көлік сағат 06:00-22:00 аралығында жүреді.
Автобустар әдеттегідей дезинфекцияланады. Жүргізушілер қауіпсіздік шараларын сақтайды: бетперде тағады, қолғап киеді және антисептик пайдаланады.
Санитарлық нормаларды сақтау, яғни бетперде тағу жолаушылардан да сұралады.
Жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу қажет.