13 мамырдан бастап велосипедтерді жалға алу үшін қажетті абонементті www.velobike.kz сайты арқылы және СТS кассаларынан алуға болады.
Жалға алу тарифтері өзгермейді:
Стандартты абонементер:
- Бір айлық – 2 500 теңге;
- Тоқсандық – 6 000 теңге;
- Маусымдық – 10 000 теңге.
Жеңілдігі бар абонементтер:
- Тоқсандық – 3 000 теңге;
- Маусымдық – 5 000 теңге.
Пайдаланушылар жеңілдікті растайтын құжаттарды ұсынылған кезде 50% жеңілдік беріледі және ол тек тоқсандық және маусымдық билеттерге қолданылады.
Олар:
- зейнеткерлер;
- студенттер;
- 3-топтағы мүгедектер.
Назар аударыңыздар! Абонементті www.velobike.kz сайтында тіркелмей, сатып ала алмайсыз.