11.03.2026

15 наурызда Астана қ. қоғамдық көлігінде жол жүру тегін

Құрметті елорда тұрғындары мен жолаушылар!

Астана қаласында 15 наурызда, республикалық референдум өтетін күні, қалалық, экспресс және қала маңы бағдарларында жол жүру тегін болады.
Бұл күні елорда тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікті ақысыз пайдалана алады. Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Қоғамдық көлік қалыпты тәртіпте — белгіленген кестеге сәйкес сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
16 наурыздан бастап қоғамдық көлік әдеттегі тәртіппен жұмысын жалғастырады.
Жолаушылардан сапарларды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.    

Тізімге оралу

KZ  RU