09.04.2026

15 сәуірде веломаусым басталады

Достар!

Қалалық веложалдау қызметінің жаңа маусымы 15 сәуірде ресми түрде басталады.

Сол күні абонемент сатып алу және велосипедтерді пайдалану сағат 09:00-ден бастап қолжетімді.

Веложалдау қызметін пайдалану үшін Velobike.kz сайтында тіркелу қажет. Жеңілдігі бар пайдаланушыларға жеңілдікті растау үшін қайта авторизациядан өту қажет.

Абонемент түрлері, стансалардың орналасуы және басқа да мәліметтермен Velobike.kz сайтында танысуға болады.

Қосымша сұрақтар бойынша iKomek109 байланыс орталығына хабарласа аласыздар.

Тізімге оралу

KZ  RU