Баланың туу туралы куәлігі, сондай-ақ ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілдерінің жеке куәлігінің түпнұсқасы немесе төлқұжаты ғана керек. Қалаған жағдайда, фотосуретті өзгертуге болады.
⠀
Алайда, егер оқушының жасы 15-тен асқан болса, картаны қалпына келтіру үшін мектеп анықтамасы мен баланың жаңа фотосуреті (3/4) міндетті түрде қажет.
⠀
Мектеп көлік картасы тек 18 жасқа дейін жарамды. Кәмелетке толғаннан кейін карта бұғатталады және оны пайдалану мүмкін болмайды.