13.11.2023

17 қарашада «Астана Арена» стадионында Қазақстан мен Сан-Марино құрамасы арасында матч өтеді

Құрметті футбол жанкүйерлері!

Осы жұма, 17 қарашада «Астана Арена» стадионында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Сан-Марино құрамасы арасында матч өтеді.

Басталуы – сағат 21:00.

Осы күні «Астана Арена» стадионына жүретін қоғамдық көліктің жұмысы күшейтіледі.

Сондай-ақ, жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін және жолдарда көлік кептелісін азайту мақсатында, Астананың 5 тұрақ торабынан сағат 19:30-да арнайы шаттл-автобустары жүреді:
- «Астаналық цирк» автотұрағы;
- «Қазақстан» СК автотұрағы;
- «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;
- «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
- «Жастар» сарайы тұрағы.

Ойын аяқталғаннан кейін футбол жанкүйерлері сондай-ақ, қосымша №№ 10, 12, 21, 26, 27, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және № 303 қала маңы бағдарларымен кете алады. Автобустар Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамаларда күтеді.

Футбол матчын өткізу кезінде барлық автокөлік жүргізушілерін қоғамдық көлікті пайдалануға шақырамыз.

Жолақысы - 90 теңге. Жолақысын көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы төлеуге болады. Жеңілдігі бар көлік карталары жарамды.


Тізімге оралу

KZ  RU