Busworld брендімен өтетін көрмелер – бүкіл әлем бойынша сала мамандарын біріктіретін, 50 жылға жуық тарихы бар автобус индустриясының ең танымал іс-шаралары.
Бұл іс-шара әлемнің түкпір-түкпірінен автобус индустриясының мамандарын жинап, осы саладағы ең белгілі оқиғалардың бірі болып табылады. «City Transportation Systems» компаниясы да осы көрмеге шақырылып, қатысты.
Көрмеде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев және Басқарма төрағасы Ғани Тәжиев астанада жүретін электробустарды өндіруші болып табылатын QazTechna компаниясының стендімен танысты.
Айта кету керек, Busworld Central Asia көрмесі Qazaqstan Live Fest халықаралық туризм және спорт көрмесімен бір алаңда өтуде.
Көрмеге келушілер өндіруші компаниялардың өкілдерімен танысу, сұрақтар қойып, автобустардың әр түрлі модельдері туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл іс-шара сала мамандары үшін автобус индустриясындағы соңғы үрдістер мен жаңалықтар туралы білуге, сондай-ақ іскерлік байланыстар орнатуға тамаша мүмкіндік береді.