Құрметті ата-аналар, сіздерді Білім күнімен құттықтаймыз!
transcard.kz сайты арқылы онлайн тапсырыс беріп, дайын болған мектеп көлік карталарын алуларыңызды сұраймыз.
Бүгінгі күні орталық кассада ата-аналар талап етпеген 1900 дайын мектеп көлік карталары бар. Оларды Р. Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайы бойынша ала аласыз.
Айта кету керек, көлік картасының дайындығы туралы хабарлама тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.
Естеріңізге сала кетейік, елордада мектеп көлік картасының болуы және оны автобуста міндетті түрде валидация жасау шартымен 18 жасқа дейінгі балаларға тегін жол жүру мүмкіндігі бар. Картаны Р.Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайындағы орталық кассада немесе онлайн, transcard.kz сайтында алуға болады.