04.03.2024

2 мамандандырылған касса жабылады

Құрметті жолаушылар мен көлік картасын пайдаланушылар!

CTS-тің 2 мамандандырылған кассасы жабылатындығы туралы хабарлаймыз.

14 наурызда Қабанбай батыр даңғылы, 5 мекенжайындағы елордалық цирк ғимаратында орналасқан касса.
28 наурызда Петров көшесі, 24 мекенжайындағы «Еуразия» СҮ касса.

Орталық касса және «Сапаржай» автовокзалында орналасқан кассалар қалыпты жұмыс істейді.

Бүгінде Астана қ. енгізіліп жатқан жаңа төлем жүйесі көлік картасының теңгерімін кассаға бармай, қашықтан және лезде толықтыруға мүмкіндік береді.

Әзірге лезде толтыру Kaspi.kz қосымшасы арқылы жүргізіледі. Басқа банктермен келісім жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, көлік карталарын елорданың сауда нүктелерінде төлем терминалдары арқылы толықтыру қолжетімді болатындығы туралы қосымша хабарлаймыз.

Тізімге оралу

KZ  RU