21.01.2020

№20 бағдарда жол ақысын банк картасы арқылы төлеуге болады

№20 бағдарда жол ақысын банк картасы арқылы төлеуге болады

Енді №20-бағдарда жолақысын тек VISA банк карталарымен ғана емес, Mastercard карталары арқылы да төлеуге болады.
Жобалар тестілік режимде іске асырылды және қоғамдық көліктің №20 қалалық бағдарында жұмыс істейді.

Жолақысын төлеу үшін картаны валидатор жанында орналасқан арнайы терминалға қойып, дыбыс сигналы мен төлем туралы хабарды күту керек.
Visa және Mastercard карталарымен төлеу кезіндегі сапардың құны 90 ₸ құрайды.

Еске саламыз, №32 бағдарда Mastercard банк карталарымен, сондай-ақ Mastercard-тың байланыссыз төлем жасау технологиясымен жабдықталған NFC-құрылғылармен (ұялы телефондар, қол сағаттары, білезіктер және т.б.) жол жүру ақысын төлеудің пилоттық жобасы іске қосылған. Сапар құны – 90 ₸.

Тізімге оралу

KZ  RU