19.05.2023

20 мамырдан атаулы көлік карталарын шығару және қайта шығару қолжетімді болады

Құрметті пайдаланушылар!

20 мамырдан бастап атаулы (жеңілдікті және мектеп) көлік карталарын шығару және қайта шығару қолжетімді болады.

Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы Орталық кассада азаматтардың жеңілдікті және мектеп санаттары үшін көлік карталарын бастапқы шығаруға және қайта шығаруға арналған құжаттарды қабылдау әдеттегі режимде жүзеге асырылатын болады.

Бұрын көлік карталарын шығаруға құжат тапсырған пайдаланушыларға «City Transportation Systems» ЖШС қызметкерлері қоңырау шалады.

Өтініш берген кезде сауалнамада көлік картасын көрсетілген мекенжайға жеткізу қажеттілігін көрсеткен пайдаланушылар картаны алу үшін Орталық кассаға өз бетінше жүгіне алады, өйткені өтінімдердің көптігіне байланысты көлік карталарын жеткізуде кешіктірулер орын алуы мүмкін.

Сондай-ақ, Transcard.kz сайтында ресімделген өтінімдер кезектілік тәртібімен өңделетін болады. Көлік картасының дайындығы туралы ақпарат өтінімді ресімдеу кезінде көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі.

Маңызды! Көлік картасын алған кезде, уақытша берілген талон қайтарылуы тиіс.

Тізімге оралу

KZ  RU